«Сыңғырла, күміс қоңырау!»

1 қыркүйек күні мектебімізде  еліміздің жүрегі – Астананың жиырма жылдық мерекесіне арналған   «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізілді. Лездеме салтанатты түрде Мемлекеттік әнұранының орындалуымен басталды.
Салтанатты жиынды ашу үшін алғашқы сөз мектеп директоры Кадырова Бахыт Баткулаевнаға берілді. Мектеп директоры оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен және мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерді құттықтап, болашақта елінің патриоты болып, жоғары белестерді бағындыруына сенім білдірді.
1- сынып оқушылары алтын ұяларына өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, тақпақтар, ән шашулар ұсынды.
11- сынып оқушылары жаңа қадам басқан бірінші сынып оқушыларына арнап өз тілектерін білдірді.
Биылғы жаңа оқу жылындағы алғашқы қоңырау соғу құрметі "Алтын белгі" үміткері 11- сынып оқушысы  Жапаров Рустам    мен 1- сынып оқушысы    Желдак Арианна Викторқызына   берілді.