«Критериалды бағалау  тиімділігі»

2018 жылдың 12 желтоқсанда Астана қаласы № 18  орта мектебінде  «Критериалды бағалау  тиімділігі» атты коучингке №  5,10, 16, 21, 24, 28, 29, 55, 56, 57 , 65, БИЛ қ.,БИЛ ұ., мектептерінің ата-аналары қатысты.

       Коучинг барысында топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді. Бірлескен іс-шара білімді игеру,оқушылардың танымдық және әлеуметтік құзыреттіліктерін жақсартудағы жаңа бағалау форматының рөлін түсінуге көмектесті.                                                                                                                    Жұмыс кезінде қазақ тілді тобының  модераторлары Набира Узакқызы мен Турысбекова Сымбат Бақтиярқызы   ата-аналарға қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығын, бағалау түрлері мен әдістерімен таныстырды.                                                                                                Орыс тілді топ модераторлары Желдак Наталья Анатольевна мен Муралина Кымбат Кунтуаровна  казіргі уақытта критериалды бағалаудаға жиынтық бағалауды өткізу технологиясын жетік түсіндірді.           

  Қатысқан ата-аналар белсенділік танытып,  қарқынды жұмыс жасады. Тренинг аяқталғаннан кейін ата-аналар балаға қажетті қолдау мен көмек көрсетіп, білім беру нәтижелерін бақылап, мұғалімдермен сенімді қарым-қатынас орнатып, олармен бірге оқу нәтижелерімен үнемі сөйлесу , мектепте өткізілетін іс-шараларға қатысу керектігі туралы қорытындыға келді.
         Ата-аналар жұмыс барысында өздеріне қажетті  сұрақтарға  жауап алып, соның нәтижесінде критериалды бағалау туралы өз пікірлерін кеңейтті. Барлық ата-ана өз ризашылықтарын білдірді.