«Формативті бағалау әдістері оқушылардың рефлексиялық дағдыларын дамытуға қалай ықпал етеді?» тақырыбында  қалалық  семинар

 

 

2019 жылдың  12  ақпанында  Астана  қаласының  №18  жетекші орта  мектебі  мен  Білім  беруді  жаңғырту  орталығы  бірлесе  отырып  «Формативті бағалау әдістері оқушылардың рефлексиялық дағдыларын дамытуға қалай ықпал етеді?» тақырыбында  қалалық  семинар  өткізілді.

Семинардың мақсаты - мұғалімдерді қалыптастырушы бағалауды қолданудағы тәжірибесін жетілдіру, оқушыларды өздерінің оқу үрдісіне белсенді тартуға және басқа мектептердегі әріптестердің осындай бағалау түрлерін қолдану тәжірибесіне алмасуға жол ашу.

Семинарға  жетекші  №18 орта  мектебінің  және  серіктес  №5 гимназиясы, №10 мектеп- гимназиясы, №65 мектеп – гимназиясы  және мектепке  жақын  орналасқан   мектептердің  43 мұғалімі  қатысты.

Семинарға  қатысушылар  4 топқа  бөлініп  сабақтарға  қатысты, сабақтарға  талқылаулар өткізілді, оқытушылармен және жеке оқушылармен  сұхбаттасу,кері байланыс , сондай-ақ семинарға қатысушылар формативті бағалау жүргізуде мектептердің тәжірибесін іс - жүзінде көрді.

№18 орта  мектебі «Бастау» кәсіби бірлестігінің жетекшісі Султангазиева Б.С.
«Оқытушының  және  оқушының  қызметіндегі  қалыптастырушы  бағалаудың  мәні»  тақырыбындағы баяндамасының  маңыздылығын  атап  өтті.

Мектеп  психологі Б.Т.Байконырова семинарға  қатысушылармен «Оқушылардың мотивациясын арттыру үшін педагогикалық әдістер» тақырыбында қызықты  тренинг  өткізді.

Мектеп мұғалімдері формативті бағалау жүргізу тәжірибесімен бөлісті,
зерттеудің мұғалімнің педагогикалық тәжірибесіне әсер етуі және әріптестермен формативті бағалау бойынша жұмыс барысында кездесетін қиындықтар туралы әңгімеледі. ЖШС «Ұстаз» тренері  Даулеткелдыева  Асем  Аймуханбетовна семинарға қатысушыларды ЭСК пәндерін ағылшын элементтерімен жүргізуде жетекші және серіктес мектептердің тәжірибесімен таныстырды. Кері  байланыс  барысында қатысушылар практикалық семинарлар өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті, сондай-ақ, кәсіби бағдар беру және педагогикалық тәжірибені жетілдіру мақсатында сабақты жүргізу тәжірибесін зерттеуде осы бағытта ынтымақтастықты жалғастыруды ұсынды.

Іс-шараның соңында мектеп директоры Кадырова Б.Б семинарға белсене қатысқаны үшін мектеп  кластерлерінің үйлестірушілеріне алғысын білдірді және осы тақырып бойынша семинарларды жалғастыруға тілек білдірді.