Еңбек тәртібі мен жұмыс кестесі

№18 орта мектебінің еңбек тәртібі мен жұмыс кестесі
2017 - 2018 оқу жылы

1. Мектепте оқу жылы 2 қыркүйектен басталады.
Оқу жылының ұзақтылығы: 1-сыныптарда - 33 оқу апталық, 2-11 сыныптар – 34 оқу апталығы бар 

Демалыс кезеңдері:
- күзгі демалыс- 30.10. - 05.11. (7 күн); 
- қысқы – 29.12. - 07.01. (10 күн); 
- қосымша 1-ші сыныптарға - 01.02. - 07.02. (7 күн); 
- көктемгі – 21.03. - 02.04. (13 күн); 
- бірінші сыныптың оқушылары үшін қосымша каникул- 01.02.-07.02. (7 күн) 

Сабақ барысының ұзақтығы: 40 минут 
1 сыныпта - I жартыжылдықта- 35 минут, II жартыжылдықта - 40 минут 

Сабақтың басталуы:
1- ауысылым: 8.00. сағ. 
2- ауысылым: 13.50.сағ. 

2. Білім беру үрдісінің жүргізілуі:
- 1-11 сыныптарда – бескүндік жұмыс аптасы; 

Жұмыс күнінің басталуы:
Кезекшілік:
- кезекші әкімшілік I ауысылым 07.30 –дан, II ауысылым 13.30 -дан.; 
- кезекші мұғалім I ауысылым 07.30 –дан, II ауысылым 13.30 -дан.; 
Оқу күні мектептің тазалығы мен тәртібіне мектеп директорымен кесте бойынша тағайындалған кезекші мұғалім мен кезекші әкімшілік жауап береді. 
Кезекші сыныптардың міндетіне оқушылардың тәртібі, санитарлық жағадайы және мектеп мүлкінің сақталуы жатады. 

Сынып жетекші:
1. Сынып жетекшілер 1 қабатта оқушыларды қарсы алып, сабақ соңында шығарып салады және сабағы болмаса да сынып ұжымымен бүкіл сабақтар бойы бірге болады. 
2. 1-4 сынып жетекшілері оқушыларды асханаға апарады, тамақтануы мен тәртібін қадағалайды. 
3. 2-11 сынып оқушылары міндетті түрде күнделік жүргізеді. Сынып жетекші аптасына 1 рет күнделікке баға қойылуын бақылап отырады. 
4. Мектептен тыс іс шараларға, экскурсияларға, туристтік шығыстарға бару тек мектеп бойынша жасалған бұйрықтан кейін ғана рұқсат беріледі. 
5.Оқушылардың сабақтан жарыстарға, байқауларға, сыныптан тыс іс-шараларға қатысуы тек қана директордың рұқсатымен бұйрық негізінде босатылады. 

Пән мұғалімдер, сынып жетекшілер:
Мұғалімнің жұмыс уақыты 1 сабағына 15 минут қалғанда басталады. 
• Мұғалім қоңыраудың соғылыуымен сабақты бастап, қоңыраудың соғылуымен сабақты аяқтау міндетті. 
• Мұғалімде оқу жылдың бірінші күнінен бастап тақырыптық-күнтізбелік жоспары, күнделікті сабақ пен тәрбие сағаттарының жоспарлары міндетті түрде болуы керек. 
• Оқу жыл бойы барлық мұғалімдер оқу кабинеттерін сабақ аралығында қабылдап және тапсырулары тиіс. 
• Оқу кабинетінің және оның ішіндегі мүліктің сақталуына /соның ішінде материалдық/ жауаптылық сол кабинетте жұмыс істейтін мұғалімге жүктеледі. Мұғалімдер, сынып жетекшілер мектеп ғимаратына келген оқушылардың сабақ кезінде, үзілісте, серуендеуде, экскурсияларда, сыныптан тыс іс-шараларында денсаулық қауіпсіздігіне жауапты. 
• 1-11 сынып мұғалімдері, сабақ кестесі бойынша 1-ші сабақты өткізетін пән мұғалімі сынып журналын директордың оқу ісінің орынбасарынан алып, оның сақталуына жауапты, ал соңғы сабақта пән мұғалімі өзі директордың оқу ісінің орынбасарына немесе кезекші әкімшілікке тапсырады. 
• Мұғалімдер, сынып жетекшілер іс-шараларды өткізер алдында /ата-ана жиналысы, кештер, т.б./ оқушылардың мектепке кіруін және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп әкімшілігімен алдын ала келісулері қажет. 
• Мұғалімдер оқушыларға байланысты педагогикалық этиканы сақтауға, сонымен қатар оларды мазақ етуге, ары мен намысын қорлауға, құқығын кемсітуге, психологиялық қысым және қол жұмсауға болмайды. 
• Мектепте күтпеген жағдай болғанда, мектеп өмірінде апатты жағдай туғанда, оқушыға қауіп-қатер төнгенге куәгер болған мұғалім жедел түрде әкімшілікке хабар беруге, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетуге, мектеп дәрігерінен көмек сұрауға, қажет болса жедел жәрдем шақыруға, күтпеген жағдай туралы ата-аналарына хабар беру қажет. Күтпеген жағдайды оқушылардан жасыруға және болған жағдайды оқушыға жүктеуге қатаң тиым салынады. 
• Мектеп қызметкерінің жұмысқа келмей қалған жағдайында, сабақ кестесін өзгертуге байланысты ол алдын ала әкімшілікке ескертуге міндетті. Мұғалім жұмысқа шығар алдында әкімшілікке шағатынын ескертіп және денсаулық қағазын тапсыруға міндетті. 
• Ата-ана немесе бөгеде адам сабаққа тек мектеп директорының немесе әкімшіліктің рұқсатымен ғана қатыса алады. 

Педагогтар мен басқа да мектеп қызметкерлеріне тиым салынады:
а) өз бетінше сабақ және жұмыс кестесін өзгертуге; 
б) сабақты өткізбеуге, сабақ мерзімін созуға, қысқартуға және үзілісті қысқартуға және созуға; 
в) әкімшілікпен келіспей сабақты басқа пән мұғалімдерімен ауыстыруға; 
г) оқушыны сабақтан шығарып жіберуге. 

Сыртқы киім туралы:
• Оқушыларға біркелкі мектеп формасын киюге міндеттеу. Артық косметикалық бұйымдарды қолдануға тиым салу. Осы берілген тәртіп сынып жетекшілерге жүктеледі. 
• Оқушылар сабаққа сыртқы киіммен және бас киіммен жіберілмейді. ( бірқалыпты температурада) 
• Мектеп формасына әртүрлі діндер конфессияларға жататын киім элементтерін қосуға тиым салынады. 

Мектеп ұжымына маңызды жұмыстарға бағыт беруге және шешім қабылдау үшін өтетін кеңес күндері:
- Дүйсенбі - директор алдындағы кеңесі, әкімшілік кеңесі; 
- Сейсенбі - директордың орынбасарларының кеңесі; 
- Шұғыл кеңес – кажеттілігі бойынша