"Көктем аруы-2018"

      6 наурыз күні  « Көктем аруы-2018» атты     2 "А" сыныбының қыздары  арасындағы байқау өтті. Байқауға  сыныптан алты оқушы  қатысты. Байқау төрт кезеңнен тұрды. Алғашқысы өзін-өзі таныстыру болса, екіншісі - өз өнерін көрсетуге арналды. Бұл кезеңде қыздар өз өнерлерін ортаға паш етті. Ал үшінші кезеңде қыздарымыз үйде анасымен бірге жасап келген  салаттарының құрамымен таныстырды. Төртінші кезеңде  қыздар  сән киімінің үлгісін көрсетті. Қыздардың барлығы бірінен - бірі өткен өнерлі , тәрбиелі, жан-жақты қыздар. Тіпті ұлдары қыздарға арнап шығарған "Ару қыздарымыз" атты әсем әнін  шырқады. Ата-аналар да осы сайысқа белсене атсалысты. Аналары "Айналайын " биін  ұлдармен  бірге  биледі. 
Байқау соңында өнерлі, сұлу  қыздардың барлығы да мадақтамамен марапатталды.
Байқау соңын  "Жау-жау жаңбыр"  хорымен  аяқтады.

Ұйымдастырған 2 "А" сынып жеткешісі: Забера Абеновна және ата-аналары.