Мұғалімдер құрмет тақтасы

Хамитов Еркебулан Ергазиевич,  алғашқы әскери дайындық мұғалімі,  бірінші санатты. 2016 жылы  Астана қаласы Білім департаменті  «Үздік АӘД оқытушысы-ұйымдастырушысы»  және  «Ауыспалы вымпел» берген. Өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие бергені үшін ҚР  Парламенті Мәжілісінің депутаты  Б.Смағұл «Сауап» медалімен марапаттаған.                                             

Муралина Кымбат Кунтуаровна,  бастауыш сынып мұғалімі, бірінші санатты, жоғары білімді, ЕҰУ бітірген. Кымбат Кунтуаровна ширек ғасырын оқушыларды тәрбиелеу және оқытуға арнаған. Кәсіби құзыреттілігі жоғары деңгейде, педагогикалық тәжірибесі ақпараттық–коммуникативтік технологиялар мен өзге де оқытудың жаңа әдістемесін пайдалана білуі түрлі дайындық деңгейіндегі, оның ішінде оқудан қалып қойған және түзету амалдарын қажет ететін  оқушылармен жақсы білім нәтижелеріне  қол жеткізуге мүмкіндік береді.  "Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін" медалінің,   "Үздік Ұстаз" төсбелгісінің иегері. Оқушылары – мектеп, қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың белсенді қатысушылары. «Тиімді оқыту», «Көшбасшы – мұғалім педагогикалық қоғамдастықта» курстарын аяқтаған, әріптестерімен өз тәжірибесімен үнемі бөліседі, бастауыш буында коуч және ментор болып қана қоймай, басқа бірлестіктерде де мұғалім болып табылады, Астана қаласы мектептеріндегі өзге де әріптестерімен тығыз ынтымақтастықта.

Асетова Куралай Асетовна, қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі мұғалімі, санаты жоғары,  оқушылары республикалық, қалалық сайыстар мен олимпиада қатысушылары  және ҰБТ-дан үнемі жоғары нәтиже көрсетеді.

Беркимбаева Баян Хайроллаевна, география, биология және химия пәнінің мұғалімі, 1 санатты. Республикалық қашықтықтан өтетін мұғалімдер олимпиадасына қатысушы 2018 ж.  химия бойынша - I орын, биология бойынша -  II орын.

Исламбеков Марат Қалшабекович, дене шынықтыру мұғалімі, 1 санатты ТМД елдеріне-қатысушы ұлттық спорт және ойын түрлерінің халықаралық фестивалі дипломының иегері, РФ Ульяновск қ.

Кайнбердиева Жанар Бауыржановна, дене шынықтыру мұғалімі, 1 санатты, «Білім берудегі үздіктер» халықаралық энциклопедиясына қатысушы Дипломына, медаліне ие.

Каласова Куаныш Дуйсеновна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, бірінші санатты. 2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Оқушылары республикалық, қалалық, облыстық сайыстар және пән олимпиадаларының жеңімпаздары.

Сыздыкова Бакытгул Махметкалиевна, ағылшын тілі пәні мұғалімі, санаты жоғары. Оқушылары  ағылшын тілі бойынша республикалық тіл  олимпиадаларының жеңімпазы. «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің «Лидер Образования» медалінің иегері.

Попова Марина Геннадьевна, бастауыш сынып мұғалімі, 1 санатты. ББ грамоталары, алғыс хаттар, дипломдармен марапатталған. Оқушылары  халықаралық, республикалық олимпиадаларда жүлделі орындар алады, сондай-ақ ғылыми жобалардың жүлдегері болып табылады.