Сынып жетекшісіне

                              Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру.

           
Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым – қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшелігін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу – тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері. 

Сынып жетекшісінің тәрбие қызметіндегі мақсаты:

  1. Білім алушы тұлғасының өзін – өзі дамыту мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін, оның қоғамда табысты әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.
  2. Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау әрі оңды дамыту, қорғаныс, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық – педагогикалық жағдайлар жасау.
  3. Тәрбиеленушілердің әр түрлі шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық мәнді іс – әрекетін өмірдің әлеуметтік – жарамды тәжірибесінің көзі ретінде ұйымдастыру: қазіргі және болашақ есейген өміріндегі өзін – өзі дамыту білімі, икемі мен дағдылары, тұлғаның өзін – өзі анықтауы және өзін іс жүзінде көрсете білуі.
  4. Өзара бірлескен қарым – қатынас кезінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым – қатынастары мен алаңдататын мәселелерін сәйкестендіре ұйымдастыру.