Қамқоршы күні

27 қазан мектебімізде "Қамқоршы күні" республикалық қайырымдылық акциясы өтті.Ұйымдастырылған іс-шара бойынша, ата-анасынан айырылған немесе қараусыз қалған балаларды қамқорлығына алып қана қоймай, оларды баласындай көріп, аялы алақандарында мәпелеп, барынша мейірімділік танытып, ата-ананың міндетін атқарып жүрген бүгінгі біздің абзал жандар яғни қамқоршыларымызды құттықтап,алғыс білдірдік.