Ұлағатты ұстаздарды құттықтау

Ұстаздар күніне орай, мектебімізде "Ұстазым саған арнадым" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, мектеп оқушылары белсене қатысып, жүрек жарды ізгі тілектерін білдіре отырып, өнерлерін көрсетті. Ән мен күйге ұласқан оқушыларымыздың өнерлері ұстаздар қауымын қуантты. ұстаздарда шәкірттеріне алғыстарын білдірді.