«Астанадан сəлем» проектсі

«Астанадан сəлем» проектсі жалғасуда №18 жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары 01 қазан күні қарттар мерекесіне орай мектеп жанында тұратын қарияларды 5 -7 сынып оқушыларды сынып жетекшілерімен бірлесіп ата-əжелердің мекен-жайларына барып, оларды мерекемен құттықтады.

Іс-шараның басты мақсат — оқушыларды жастайынан үлкенді сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Мектеп оқушылары шағын сыйлықтар ұсынып, қарияларға  гүл шоқтарын сыйлады.
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» - демекші,
іс-шара соңында оқушылар қауымы қариялармен естелік суретке түсіп, ата-әжелерінің батасын алды.