«Желбіре , Жеңіс жалауы» атты мектепішілік Ұлы отан соғысына арналған мерекелік іс-шара өтті

 

Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге баулу. 

Мектебіміздің директоры Кадырова Бахыт Баткулаевна жиналған қауымды мерекемен құттықтап, салтанатты іс-шараны ашты.
Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Осы мерекеге орай ардагерлерге мерекелік бағдарлама ұсынып, Аманат  би  тобы  «Қазақ  биі», дефиле 11 сыныптар, жігер  әскери  спорт клубының  қоян - қолтық  ұрыс көрсетті, 7-11 сыныптардың  саптық  сәлемдесті, саптық  әнмен  жүрді, Мусина  Айнур жанды дауыста ән салды. Мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Мерекелік іс-шара соңында келген қонақтарға мерекелік дастархан жайылды. Ардагерлеріміз өздерінің ақ баталарын беріп, ризашылығын білдірді. Жас ұрпақ әрқашан ардагерлерімізге құрметпен қарап, ұлы істерін мақтан етеді!