"Адал Ұрпақ" байқауы

2018 жылдың 26 қазан күні ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша  департаменті, Астана қаласының Білім басқармасымен бірігіп, Сарыарқа аудандық орта білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталмаған "Адал Ұрпақ" байқауын ұйымдастырды. Байқауға Сарыарқа ауданы бойынша 25 мектеп қатысты. №18 орта мектебінің оқушылары топты жарып шығып, ІІ-орынды жеңіп алды.