АЙБЫННЫҢ АЙБЫНДЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛУДА

 

 

Нұр-Сұлтанда «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынының іріктеу кезеңі басталды.

Жиын әскери-тактикалық далалық ойын түрінде өтеді. Жарыс барысында оқушылар АК-74 автоматын жартылай бөлшектеп-жинаудан, жалпыәскери қорғаныс костюмін киюден нормативтер орындайды, белтемірге тартылу және арқан тарту кезінде дене шымырлықтарын көрсетеді.Іс-шара 14 мамырда аяқталады. Шараның қорытындысында «Жас сарбаз» қозғалысы филиалының «Айбын» республикалық жиынына қатысатын тәрбиеленушілері анықталады.