"Жыл мұғалімі-2018" байқауы

2018 жылдың 2 сәуір күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына орай мектебімізде мектепішілік "Жыл мұғалімі-2018" байқауы өтті. Байқау өте мазмұнды да қызықты өтті. Байқау барысында мұғалімдер шығармашылық жағынан жан-жақты сынға түсіп, жаңа идеяларымен де бөлісті. Қорытындысында "Жыл мұғалімі" атағына қазақ тілі пәнінің мұғалімі Каласова Куаныш Дуйсеновна ие болып, қалалық байқауға жолдама алды.Жүлделі І орынды денешынықтыру пәнінің мұғалімі Искаков Дулат Нурбаевич және ІІ орынды биология пәнінің мұғалімі Ахметова Айгуль Токеновна, ІІІ орынды  бастауыш сынып мұғалімі Чуракова Елена Ивановна иеленді. Құттықтаймыз!!!