"Кәсіпкерлік және бизнес негіздері"

17 қазан күні 18 орта мектепте "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәнін енгізу аясында 10"Б" сынып оқушылары" MedHouse Kazakhstan" ЖШС директоры, Нұр - Сұлтан қаласының Қалалық Кәсіпкерлер Палатасының аймақтық кеңесінің мүшесі  Исабаев Самат Қайырбекұлы, сондай-ақ  Қалалық Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы  Рахметова Айнур Еркалдиевнамен кездесті . Шақырылған қонақтар балалармен осы пәнді ел мектептерінде енгізу туралы әңгіме жүргізді. Самат Қайырбекұлы өз бизнесінің құрылу тарихын айтып берді: негізін қалаудан бүгінгі күнге дейін. Дәріс қызықты өтті, оқушылар бұл пәннің оқытылатынына өз қуаныштарын білдірді. "Атамекен" Кәсіпкерлер палатасына қолдау және әдістемелік көмек көрсеткені үшін алғыс білдіргім келеді. Өз кезегінде қонақтар осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін мектепке алғыстарын білдірді.