Көркемөнерпаздар байқауы

 

2013 жылдың 27 наурызында Астана қаласының  20 жылдық мерекесіне арналған қалалық мұғалімдер  арасындағы көркемөнерпаздар байқауы өтті. № 18 мектептің ұжымы барлық жанрлар бойынша өнер көрсетіп, мектебіміздің қазақ тілі мұғалімі Қ.А.Асетова көркем сөз оқу жанры бойынша мадақтамамен марапатталып, галаконцертке өтті. Дәстүрлі ән жанры бойынша Есенова Мадина Каиповна мадақтамамен марапатталды. «Түнгі Веронаның құпиялары» биімен мектебіміздің жас мұғалімдері  мадақтамамен марапатталды. Сонымен қатар ұжымның жоғары дәрежеде көрсеткен дайындығы үшін мадақтамамен марапатталды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, алар асуымыз бұдан да  биіктен болғай!