Қарттарын қадірлеген ел ардақты

«Астанадан сəлем» проектсі аясында №18 жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары 28 қазан күні қарттар мерекесіне орай Астана қаласындағы қарттар үйіне барып , қарияларды мерекемен құттықтады.

Іс-шараның басты мақсат — оқушыларды жастайынан үлкенді сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Мектеп оқушылары мерекелік бағдарлама ұсынып, қарияларға шағын шай əзірледі

—Біздің мектеп үнемі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұрады. 
Қажыр-қайратын ұрпағының жарқын болашағына арнаған қарияларымызды қадірлеу, оларға қамқор болу, құптарлық іс. Сондықтан балалар жастайынан ата-әженің кім екенін біліп, оларды құрметтеу керектігін ұғынсын.

Шара соңында оқушылар қауымы қариялармен естелік суретке түсіп, ата-әжелерінің батасын алды.