Әлеуметтік қызмет

Әлеуметтік қызмет

      Әлеуметтік қызмет — әлеуметтік жұмысты жүзеге асырушы және өз құрамында әлеуметтік қызметті көрсетуге арналған арнайы мекемелер мен басқару органдары бар мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар жүйесі. Әлеуметтік қызмет көрсету — әлеуметтік қолдау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психолого-педагогикалық, әлеуметтік құқықтық қызметтерді көрсету бойынша, қиын өмірлік жағдайдағы азаматтарды әлеуметтік бейімделуі мен оңалтуын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік қызметтер мен жеке мамандардың іс әрекеті.
Әлеуметтік қолдау  — қиын өмірлік жағдайға уақытша тап болған, халықтың еңбекке қабілетті жеке топтарына ақшалай жәрдемақы,несиелер, ақпараттар, оқу мүмкіндіктерін (қайта оқыту) және өзге де жеңілдіктерді ұсыну.
Әлеуметтік көмек – кірісті бақылауға жүргізілетін жалпы саясат шеңберіндегі (мұқтаждығына байланысты жәрдемақылар және т.б.), сондай ақ ерекше жағдайларда (мәжбүр көшпенділер, қайғылы апаттардың және техногенді апаттардың салдарларын жою және т.б.) дағдарысты жағдайда атаулы жекелік қолдаудың уақытша шаралары (қызметтер, жәрдемақылар).
Әлеуметтік оңалту — ағза қызметінің ауысуымен денсаулығының бұзылуы салдарынан (мүгедектік), әлеуметтік дәрежесінің өзгеруіне байланысты (қарттар, қашқындар мен мәжбүр болған көшпенділер, жұмыссыздар және т.б.), тұлғаның девианттық тәртібі салдарынан индивидттің айырылған қоғамдық байланыстар мен қарым қатынастарын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені.
       «Әлеуметтік педагог» лауазымы білім беру ортасына енгізілгеніне көп болған жоқ. Оның қажеттілігі ауытқушылық мінез-құлқы бар балалар санының ұлғаюына, балалар арасындағы қылмыстың өсуіне және жағдайы нашар отбасылар санының көбеюіне байланысты туындады. Бұрын әлеуметтік педагогтың міндетін сынып жетекшісі немесе пән мұғалімдері атқарды. Негізінен әлеуметтік педагог лауазымы мектептерде, балабақшаларда, әлеуметтік қызметтерде, кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін үйлер мен мекемелерде болады. Әлеуметтік педагог балалардың, жасөспірімдердің мүдделерін таныстырады және қорғайды; полиция органдарымен, көбінесе кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімшелермен, соттармен, қамқорлық жасау органдарымен, психологтармен және педагогтармен өзара әрекет жасайды; қиын жасөспірімдермен жұмыс істейді; ата-аналарға кеңес береді; тәрбие ісі бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Мектептің әлеуметтік педагогының басымдығында ұжымда дұрыс шағын ахуал құру, тұлғааралық қатынастарды ізгілендіру тұр. Ол сондай-ақ әр оқушының қабілетін іске асыруға, тұлғаның мүддесін қорғауға, бос уақытын ұйымдастыруға, әлеуметтік пайдалы әрекетке қосуға жәрдемдеседі; мұғалімдер мен оқушылардың проблемаларын арнайы зерттейді және оны шешу үшін шаралар қабылдайды. Әлеуметтік педагог оқушылардың отбасыларымен үнемі байланыста болады. Баланы ата-анасының қатігездігінен, өзімшілдіктен, бассыздықтан қорғау проблемаларына айрықша көңіл бөлінеді. Мұғалімге көбінесе сыныппен немесе топпен жұмыс істеуге тура келеді, негізінен оның әдістері ұжыммен жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік педагог жеке тұлғамен – жеке оқушымен, жасөспіріммен, ата-анамен жұмыс істейді. Әлеуметтік педагог әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларды анықтайды. Бұлар – қабілеті жеткен жеріне қарай мектеп курсын игере алмайтын үлгермеуші оқушылар; мектептегі құрдастары арасында немесе отбасындағы күйзелісті басынан кешіргендер. Сондай-ақ бұл балалар – сырқаты бар, әйтеуір бір кемшіліктерге ие, есірткі немесе ішімдіктің дәмін татып үлгерген оқушылар. Олар көбінесе кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия есебінде тұрады. Әлеуметтік педагог қызметінің бағыттарының бірі – әлеуметтік жағынан қорғалмаған: қамқорлыққа алынған, мүгедек, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалармен жұмыс. Осы санаттарды анықтау үшін оқу жылының басында сыныптың әлеуметтік паспорты жасалады, оның негізінде «Әлеуметтік жағынан қорғалмаған санаттар мәліметтерінің банкі» құрылады. Оқу жылының өн-бойында әлеуметтік педагогтар мүгедек балалардың ата-аналарына, қамқоршыларға, жанашырларға консультациялық көмек беру бойынша жұмыс жүргізеді; қатысулары мен үлгерімдерін қадағалайды; әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мен тұратын жерінің санитариялық жай-күйін тексеру бойынша жұмыс жүргізеді. Әлеуметтік педагогтар қамқорлыққа алынғандар арасындағы мектеп бітірушілерге кәсіптік бағдар беру мәселесінде көмектеседі. Сондай-ақ әлеуметтік педагог шағын аудандағы балалармен жұмыс істейді. Ол шағын аудандағы және мектептегі тәрбие жұмысының бірыңғай жоспарын жасайды, жоспар балаларды тәрбиелеу мен қорғаудың ортақ проблемаларын шешуде мектеп пен барлық әлеуметтік қызметті біріктіреді. Мектептегі жұмыс диагностикадан, сыныптың әлеуметтік паспортын жасаудан басталады. Оның негізінде ата-аналардың білімдік мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін мектептің әлеуметтік паспорты жасалады (ата-аналармен жұмысты жоспарлауға қажет). Сондай-ақ отбасының мәртебесі айқындалады – тәрбие жұмысындағы тәсілдемелер толық және толық емес отбасыларының пайыздық арақатынасына байланысты. Сынып жетекшілерімен бірге балалардың ішінде қайсысына ерекше көңіл бөлу керектігі анықталады. Тәуекел тобындағы балаға әлеуметтік карта ашылады, оған: мінездеме; оқушылардың отбасын тексеру актісі; тоқсандық бағалар; ай сайын қалған күндердің себебін түсіндіру; оқушылармен және отбасылармен жұмыс туралы мәліметтер; әлеуметтік-педагогикалық қызмет өткізетін міндетті диагностикалардың, сауалнамалардың, тестілеудің нәтижелері; сынып жетекшісіне, мұғалімдерге жасөспіріммен жұмыс бойынша ұсынымдар; оқушылардың отбасыларының әлеуметтік картасы; оқушылармен жүргізілетін жеке-профилактикалық жұмыс туралы баяндамалық, түсіндірмелік және басқа да құжаттар кіреді. Белгілі бір әлеуметтік проблемалары бар: денсаулығы нашар, тұлғааралық қатынаста қиналатын, отбасы мүшелері арасында күрделі қатынас орнаған және т. б. балалар әлеуметтік педагогтың ерекше көңіл бөлуі мен қамқорлығын талап етеді. Белгілі бір жағдайлардың тоғысуы барысында бұл проблемалар шиеленісуі мүмкін, бала әрқашан одан шығар жол таба бермейді. Мұндай жағдайда ол «қиын» балаға айналады. Бұдан арылу үшін әлеуметтік педагог олармен белсенді жұмыс жүргізеді. Оқуында проблемасы бар балалармен жұмыс істеу үшін пән мұғалімдері кіріктіріледі. Олар балалардың танымдық өрісін дамытумен жұмыс істейді, оқу уәждемесін қалыптастырады.