Екпе алайық, аман болайық!

 

COVID-19 коронавирустік жұқпасы – бұл бұрын адамдарда анықталмаған жаңа коронавирустен туындаған жұқпалы ауру.

Аталған вирустың әсері жөтел, қызу көтерілу, күрделі жағдайларда өкпе қабынуы секілді белгілерімен респираторлық тұмау ауруларының дамуына әкеледі. 

Коронавирус адамның өкпе жолдарын зақымдайды. Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, жөтелу, тыныс алудың қиындауынан басталады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, аурудың белгілері шамамен 5 күннен кейін біліне бастайды. Кей адамдарда бұл кезең одан ұзақ болуы мүмкін.

БДҰ мәлімдемесі бойынша, инкубациялық кезең 14 күнге дейін созылады. Өзге де дәрігерлердің анықтамасы бойынша бұл кезең 24 күнге дейін созылуы мүмкін.

КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ ҚАЖЕТ?

  • Қолды өте жиі 20 секунд бойы сабындап жуу (микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі);
  • Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;
  • Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады;
  • Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;
  • Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, тойлар мен  жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
  • Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;
  • Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;
  • Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;
  • Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;
  • Бөлмені жиі желдетіңіз;
  • Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;
  • Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;
  • Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;
  • Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.

Балаларымыздың денсаулығы бәрінен де маңызды! Екпе алайық, аман болайық!

ВИДЕО >>>>>>>>>>>>>>>>>>  https://youtu.be/sMfCftczm54