15 шілде мен 15 тамыз аралығында Астана қаласы Білім басқармасы мен «Рухани жаңғыру» жаңғырту орталығымен ұйымдастырылған «Отбасы әлемі» атты фотосурет байқауы өтті.
Байқау бірнеше номинацияны қамтыды: «Менің отбасым + Астана – ажырамас тағдыр», «Біздің жаз», «Батыр отбасы», «Менің әулетім», «Сіз балалы боласыз!». Байқау қорытындысы бойынша атап өткен «Менің әулетім» номинациясы бойынша 18 орта мектеп жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз! Жүлделі орындарыңыз көп болсын!