«Елін сыйлаған елбасы»

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында, 18 орта мектептің оқушыларымен филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры Сақтағанов Балабек Кеніштайұлының қатысуымен «Елін сыйлаған елбасы» атты бірыңғай сабақ өткізілді. Лекторды зор ықыласпен тыңдады. Біз Тұңғыш Президенттің өмірі, оның демократиялық мемлекет құрудағы және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудегі рөлі туралы көп нәрсе білдік. Бұл сабақ оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға бағыт беріп, білімін арттыруға және әртүрлі конкурстар мен жобаларға қатысуға ынталандырды.