Қалалық сенбілік

Қалалық сенбілік

Бүгін, яғни 22 қыркүйек күні Астана қаласының № 18 орта мектебінде оқушылары, ата-аналары мен мектеп ұжымы бірлескен ерекше форматтағы қалалық сенбілік болып өтті. Мектеп  ауласын тазартуға ерекше көңіл күймен жұмысқа кіріскен үш одақтың еңбегінің арқасында әп сәтте айналамыз тазаланып қалды. Биылғы  ерекше ұйымдастырылған сенбілікте сонымен  қатар мектеп маңайындағы таза емес аулалардың тұрғындарына мектеп оқушылары барып, ауласын таза ұстау мақсатында  үндеухаттар үлестірілді. Осы арқылы № 18 мектеп-оқушылары қала халқын тазалық марафонында өз қаласы мен ауласын таза ұстауға шақырды.