Асық атудан ашық чемпионаты болып өтті

    «Бірінші байлық – денсаулық». Денсаулық – адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Осы бағытта жұмыс жасайтын біздің мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімдері әркез әртүрлі іс-шараларды өткізіп, жас ұрпақтың денсаулығы мықты болу үшін бар жандарын салып жүр. Соның дәлелі ретінде жақында мектебімізде асық атудан мүмкіндігі шектеулі оқушылар арасындағы республикалық турнир және Астана қаласының асық атудан ашық чемпионаты болып өтті.

 Республикалық турнир қорытындысы бойынша біздің мектебіміздің оқушылары: Мамашарипова Мейрам мен Жусипназар Динара жүлделі орындарға ие болды.

 Республикалық турнирдің басты ұйымдастырушысы жоғары санатты дене шынықтыру мұғалімі - Марат Қалшыбекұлын және оның оқушыларын жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Әлі де жеңістеріңіз көп болсын. Жетістіктеріңізбен мектебіміздің атын әлі де талай асқақтата беретіндеріңізге сеніміміз мол!