"Бірлесіп  жоспарлау: тәжірибені жетілдіру  тиімді жолы" тақырыбында қалалық семинар өтті

   

    26.04.2018  жылы мектебімізде "Бірлесіп  жоспарлау: тәжірибені жетілдіру  тиімді жолы" тақырыбында қалалық семинар өтті       Семинардың мақсаты: Бірлесіп жоспарлау жаңартылған білім беру жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жоғарлату.          Мектеп директоры Кадырова Бахыт Баткулаевна алғашқы сөзді алып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. "Бірлесіп жоспарлауды қалай қолдану керек?" тақырыбында коучинг сабағын - Астана қаласы педагогикалық шеберлік орталығының тренері Ақерке Алданышқызы жүргізді. «Критериальное оценивание». «Вместе весело шагать» тақырыбында коучингті директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Э.Р.Тютюнова, бастауыш сынып мұғалімі К.К. Муралина жүргізді.
       Одан кейін келген қонақтар  ашық сабақтарға қатысып тәжірибе алмасты. Семинар соңында қонақтар жүргізілген жұмыстарға кері байланыстар берді. Өткізілген жұмыстардың тиімді, шынайы болғандығын, алдағы уақытта өз жұмыстарынан көрініс табатындарын айтып, бір-біріне келешек жұмыстарына шығармашылық табыс тілеп, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.