Референдумды қолдау

 

         

        Бүгін референдумды қолдауға арналған №18 орта мектеп директоры Гайсина Сайран Төлеуханқызы мектеп ұжымымен кездесу өткізді. Жиында реформалар жобасы бойынша елде жалпы халықтық референдум өткізу туралы түсіндіру жұмыстары сөз болды.
Ата Заңымызға өзгертулер енгізудің халыққа пайдасы мен маңыздылығы жөнінде толықтай түсіндіріп айтты.
Сонымен қатар 5 маусым күні өтетін референдумға жұдырықтай жұмылып, дұрыс шешім қабылдап өзгеріс енгізілуін таңдауға шақырды.
– Ата Заңымызға өзгеріс енгізу бірінші орында жастарға үлкен қолдау болады. Себебі болашақ жастардың қолында. 100 пайыз халық референдумға келіп өзгертулер енгізуді қолдап сол бағытта жұмыла дауыс берсек құба-құп болар еді. Халықтың таңдауы дұрыс шешім екенін көрсетуіміз қажет. Өзгеріс енгізудің дұрыстығын дәлелдеуіміз керек. Жаңа Қазақстанның құрылуына өзіміз себепші болғанымыз жөн,-деді Сайран Толеуханқызы